«Білім шыңы – Ғылым сыры» журналы және «Білім шыңы» веб порталы (www.bilimshini.kz)  «Жылдың үздік 100 мұғалімі» Республикалық байқауын өткізетінін хабарлайды.
 
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
Талантты педагогтерді анықтау, ең тиімді жұмыс жасайтын мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату,  үздік педагогикалық дәстүрлерді кеңінен насихаттау, педагогикалық мамандықтың мәртебесін арттыру.
 
Конкурсқа қатысушылар:
Білім беру мекемелері, орта білім беру мекемелері, бастауыш, орта және кәсіби білім беру мекемелері, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері,  мектепке дейінгі және балабақша тәрбиешілері мен тәлімгерлері қатысуына болады.
 
Конкурстың шарттары:
  1. Педагогтың еңбек өтілі 5 жылдан жоғары болу.
  2. Куәлік көшірмесі мен сапалы түрлі-түсті суреті.
  3. Білім саласындағы қызметі үшін алған марапаттауларының (Республикалық, облыстық білім басқармаларының немесе аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары мен грамоталарының) көшірмесі.
Конкурстың критерилері:
  1. Педагог конкурсқа қатысу үшін инновациялық білім беру технологияларының бірін  қолдана отырып өткізген 45 минуттық ашық сабақ үлгісін ұсынады;
  2. Материал Times New Roman қарпінде теріліп, редакцияға электрондық нұсқасы жіберілуі тиіс;
  3. Сабақ әзірлемесі 3 беттен аспауы керек. Орфографиялық қателердің болмауы өте маңызды.
Конкурстың өту уақыты:
2015 жылдың 1қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында өтеді.
 Қорытынды 20 желтоқсанда шығады. Редакция жанынан құрылған арнайы комиссия мүшелері конкурсқа келіп түскен материалдарды қарап, іріктеу жұмысын жүргізеді. Іріктеуден өткен педагогтар «Жылдың үздік 100 мұғалімі» қатарына ене алады.
 
Конкурс жеңімпаздарының суреттері  «Білім шыңы – Ғылым сыры» журналында жарияланады және www.bilimshini.kz веб порталының «Құрмет тақтасына»  ілінеді. Ұсынған материалдары «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК 100 МҰҒАЛІМІ» кітабына енгізіледі. Редакцияның арнайы дипломымен және төсбелгісімен марапатталады.
Байланыс телефондары:
 8(725) 2 21-17- 40, 8775 424 3727, 8771 673 55 36