Жаңалықтар

Астанада Әлия Назарбаеваның экологиялық «Жандану» жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Экология және тұрақты даму» атты экология оқулығы таныстырылды. «Экологиялық тәрбие мен оқытудың өзектілігі – оқыту мазмұнын жаңарту мен ауыстырудағы маңызды шаралардың бірі, бүгінгі таңда экологиялық тәрбие мәселесі пән және мәдениет деңгейіне дейін көтеріліп отыр», — деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.